Ресми өкіл болып табыламыз
БАРШАҒА ҚОЛЖЕТІМДІ, САПАЛЫ БІЛІМ.

bilimland Интерактивті курстар www.bilimland.kz

imektep.kzМұғалімдер мен оқушыларға арналған қазақша анимациялық видеосабақтар мен ойындарwww.imektep.kz

entОнлайн ҰБТ-ға дайындалуТ www.itest.kz

twigӘлемдегі ең үздік видеосабақтар www.twig-bilim.kz

Ресми өкіл болып табыламыз"kaztest www.kazakhtest.kz

13.10.18С. Мұқанов атындағы облыстық кiтапханада қарашаның 13-i Германия елiнiң сарапшысы Петер Йозеф Штрубеннiң қатысуымен тiлдердi оқыту әдiстемесi туралы семинар өттi. Оған қазақ және ағылшын тiлi мұғалiмдерi, тiлдердi оқыту орталығының әдiскерлерi қатысты. Сарапшы тiлдi тиiмдi оқытудың 64 түрлi әдiстемесiн ұсынып, тыңдалым, оқылым, жазылым және лексика-граматикалық бөлiктерден тәжiрибелiк сабақ үлгiлерiн көрсеттi.
Семинар соңында курсқа қатысушыларға сертификат табыс етiлдi.

09.20172017 жылғы  қыркүйек айында  Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының тапсырмасымен Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын, Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен облыстағы орыс тілді азаматтар арасында мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» тақырыбында  белгілі саясаткерлер Досмахамбет Қалқаманұлы Көшім және Расул Жұмалының қатысуымен кездесу кешін ұйымдастырдық.
Ең алдымен Дос Көшім бұл тақырыптың Елбасы сөзі екендігін, және осы атаумен бірнеше жылдардан бері қазақ тілінің мәртебесін арттыруға бағытталған шаралар ұйымдастырылып келе жатқанын атап өтті.
Саясаткерлердің әңгімесі негізінен қазақ тілінің даму жағдайы, ономастика және латын әліпбиін енгізу мәселелері төңірегінде өрбіді.

25.08.17Қазақстан Республикасы Конституциясы күнiне орай ҚР Iшкi iстер министрлiгiнiң 2017 жылғы 25 тамызындағы №302 ж/қ бұйрығына сәйкес СҚО Iшкi iстер департаментiнiң бастығы полиция генерал-майоры Б. Бiләлов «Қызылжар» ұосымша білім беру және қызмет көрсету орталыңының директоры Ж.Қ.Мұхамеджановты «Қазақстан полициясына — 25 жыл» медалiмен және Алғыс хатымен марапаттады.

 

 

 

28.07.2017Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының тапсырысы бойынша 2017 жылғы 28 шілдеде І.Омаров атындағы қазақ драма театрында тілдерді дамыту басқармасы, облыстық тілдерді оқыту орталығы, облыстық басқармалар және облыс қалалары мен аудандары әкімдері аппараттарының мамандары, аударма агенттіктері өкілдерінің қатысуымен Ілеспе аударма мамандарына арналған семинар өткіздік.

2017 жылдың 23 маусымында Петропавл қаласында Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң тiлдердi дамыту жөнiндегi басқармасының тапсырмасымен Мағжанның шығармашылық мұрасын жүйелi түрде насихаттап, есiмiн ел есiнде мәңгi сақтау мақсатында «Мағжан көктемi» IV республикалық өнер фестивалiн өткiздi.
Iс-шараны Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң орынбасары А.Қ. Дүйсенова ашып, үмiткерлерге сәттiлiк тiледi.

11.05.2017Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын іске асыру мақсатында 2017 жылғы 11 мамырда С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында балабақшалар арасында «Бала тілі — бал» атты облыстық байқауын өткізді.

05.2017Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң тiлдердi дамыту жөнiндегi басқармасының тапсырысы бойынша 2017 жылғы мамырда Ресей Федерациясының Түмен қаласында Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк рәмiздерiнiң 25 жылдығына орай «Мемлекеттiк тiлдi оқытудың тиiмдi жолдары» атты көшпелi семинар ұйымдастырдық.