Ресми өкіл болып табыламыз
БАРШАҒА ҚОЛЖЕТІМДІ, САПАЛЫ БІЛІМ.

bilimland Интерактивті курстар www.bilimland.kz

imektep.kzМұғалімдер мен оқушыларға арналған қазақша анимациялық видеосабақтар мен ойындарwww.imektep.kz

entОнлайн ҰБТ-ға дайындалуТ www.itest.kz

twigӘлемдегі ең үздік видеосабақтар www.twig-bilim.kz

Ресми өкіл болып табыламыз"kaztest www.kazakhtest.kz

muhamedzhanov

 МҰХАМЕДЖАНОВ ЖАНАТ ҚАБДОЛРАҚЫМҰЛЫ

1981 жылдың 26 тамызында Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы, Жаңаталап ауылында дүниеге келді. М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы: «Ағылшын тілі» және «Экономика және бизнес бакалавры».

«Сұлтан» АҚ түрік тілінің аудармашысы, Петропавл қ. №20 орта мектебінде ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, Солтүстік Қазақстан облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың бас маманы, бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, Петропавл қаласы Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бастығының орынбасары болып қызмет атқарды.

2011 жылғы сәуірден бастап 2014 жылғы қараша айына дейін «Солтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік тілді оқыту орталығы»  КМҚК директоры қызметін атқарды.
2014 жылғы 26 қарашадан - «Қызылжар»  қосымша білім беру және қызмет көрсету орталығы» ЖШС директоры.

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің  және Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.