Ресми өкіл болып табыламыз
БАРШАҒА ҚОЛЖЕТІМДІ, САПАЛЫ БІЛІМ.

bilimland Интерактивті курстар www.bilimland.kz

imektep.kzМұғалімдер мен оқушыларға арналған қазақша анимациялық видеосабақтар мен ойындарwww.imektep.kz

entОнлайн ҰБТ-ға дайындалуТ www.itest.kz

twigӘлемдегі ең үздік видеосабақтар www.twig-bilim.kz

Ресми өкіл болып табыламыз"kaztest www.kazakhtest.kz

2017 жылдың 23 маусымында Петропавл қаласында Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң тiлдердi дамыту жөнiндегi басқармасының тапсырмасымен Мағжанның шығармашылық мұрасын жүйелi түрде насихаттап, есiмiн ел есiнде мәңгi сақтау мақсатында «Мағжан көктемi» IV республикалық өнер фестивалiн өткiздi.
Iс-шараны Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң орынбасары А.Қ. Дүйсенова ашып, үмiткерлерге сәттiлiк тiледi.

Фестиваль төмендегiдей үш номинация бойынша өткiзiлдi:
1) Мағжанға арналған жазба ақындар мүшайрасы.
Мазмұны және тақырыбы ұлы ақынның шығармашылық-адами келбетiн, айнымас ұстамын, елдiк-ерлiк қасиетiн, ұлт тағдырындағы алатын орнын, туып өскен жерiнiң шежiрелi тарихын, сұлу табиғатын, осы өңiрде өмiр сүрiп жатқан халықтың ақ пейiлi мен достық құшағын, Қазақстан экономикасын көтерудегi жасампаз iстерiн көрсететiн туындылар болғаны абзал. Бұрын еш жерде жарияланбаған, орындалмаған болуы керек
2) Мағжан өлеңдерiн мәнерлеп оқу — көркемсөз оқушылар сайысы. Ақынның асыл мұрасы — өлеңдерiн, поэмаларынан үзiндiлердi жатқа оқу. Ұзақтығы: 7-9 минут.
3) Мағжан өлеңдерiне жазылған әндер конкурсы. Бұрын еш жерде жарияланбаған, орындалмаған жаңа музыкалық туындының ұзақтығы 3-4 минут болуы керек. Бiр автор бiрнеше шығармасымен конкурсқа қатысуға құқығы бар.
Республикамыздың облыстарынан әр номинациядан 60 тан астам үмiткерден өтiнiш түстi, алдын ала iрiктеу кезеңiнен өткен 15 үмiткер ақтық сайысқа қатысты.
Мағжанға арналған жазба ақындар мүшайрасы бойынша 1-орынға Әдiлғазы Қайырбеков (Шығыс Қазақстан облысы), 2-орынға Мақпал Мыса (Алматы облысы), 3-орынға Жұлдыз Қожабекова (Ақтөбе облысы), 2 көтермелеу жүлдесiне Саят Қамшыгер (Алматы қаласы), Ұлықбек Тәңiрберген (Қызылорда облысы);
Мағжан өлеңдерiн мәнерлеп оқу — көркемсөз сайысы бойынша: 1-орынға Дiнмұхамед Аяхбай (Солтүстiк Қазақстан облысы), 2-орынға Байғали Жұман (Оңтүстiк Қазақстан облысы), 3-орынға Ақмейiрiм Қуашбаева (Астана қаласы), 2 көтермелеу сыйлығына Әлия Бекишова (Маңғыстау облысы), Қуандық Қасымов (Ақтөбе облысы);
Мағжан өлеңдерiне жазылған жаңа әндер сайысы бойынша: 1-орынға Құрмет Сақай (Ақмола облысы), 2-орынға Бiржан Есжанов (Солтүстiк Қазақстан облысы), 3-орынға Оразғали Сейiтқазы (Семей қаласы), 2 көтермелеу жүлдесiне Марғұлан Тұяқов (Қарағанды қаласы), Шайзат Оралжанұлы (Павлодар облысы) ие болды.
Республикалық байқау жеңiмпаздары дипломдармен және алғыс, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.