Ресми өкіл болып табыламыз
БАРШАҒА ҚОЛЖЕТІМДІ, САПАЛЫ БІЛІМ.

bilimland Интерактивті курстар www.bilimland.kz

imektep.kzМұғалімдер мен оқушыларға арналған қазақша анимациялық видеосабақтар мен ойындарwww.imektep.kz

entОнлайн ҰБТ-ға дайындалуТ www.itest.kz

twigӘлемдегі ең үздік видеосабақтар www.twig-bilim.kz

Ресми өкіл болып табыламыз"kaztest www.kazakhtest.kz

28.07.2017Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының тапсырысы бойынша 2017 жылғы 28 шілдеде І.Омаров атындағы қазақ драма театрында тілдерді дамыту басқармасы, облыстық тілдерді оқыту орталығы, облыстық басқармалар және облыс қалалары мен аудандары әкімдері аппараттарының мамандары, аударма агенттіктері өкілдерінің қатысуымен Ілеспе аударма мамандарына арналған семинар өткіздік.

Шара барысында Астана, Павлодар қалаларының білікті мамандары К.Ә.Әлпейісова мен З.Ә.Мәмбетова жергілікті аудармашылардың біліктілігін арттыру және ілеспе аударма ісінің тәсілдерін жетілдіру мақсатында дәріс берді.
Қатысушылар ілеспе аударма негіздері туралы мәлімет алды, аппаратурамен жұмыс істеді және негізгі қызметтері бойынша пікір алмасты.
Семинар жұмысы қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды.