Ресми өкіл болып табыламыз
БАРШАҒА ҚОЛЖЕТІМДІ, САПАЛЫ БІЛІМ.

bilimland Интерактивті курстар www.bilimland.kz

imektep.kzМұғалімдер мен оқушыларға арналған қазақша анимациялық видеосабақтар мен ойындарwww.imektep.kz

entОнлайн ҰБТ-ға дайындалуТ www.itest.kz

twigӘлемдегі ең үздік видеосабақтар www.twig-bilim.kz

Ресми өкіл болып табыламыз"kaztest www.kazakhtest.kz

ҚР Тіл туралы заңы

konst

 

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк тiл - қазақ тiлi

Қазақстан Республикасы Конституцияcының
 7-бабы

 

«Қазақстан Республикасындағы тiл туралы»

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы
11 шiлде №151 Заңы
4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi - қазақ тiлi.
Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы.
Үкiмет, өзге де мемлекеттiк, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар:
Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға мiндеттi.

23-бап. Тiлдi мемлекеттiкқорғау
Мемлекеттiк тiлдi белгiлi бiр көлемде және бiлiктiлiк талаптарына сәйкес бiлуi қажет кәсiптердiң, мамандықтардың және лауазымдардың тiзбесi Қазақстан Республикасы заңдарымен белгіленедi.

24-бап. Тiлтуралызаңдардыбұзғаныүшiнжауаптылық
Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасының бұзылуына кiнәлi мемлекеттiк органдардың бiрiншi басшылары не жауапты хатшылары немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын өзге де лауазымды адамдар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

  • «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы»

ҚазақстанРеспубликасыПрезидентінің 2011ж. 29.06 №110 ЖАРЛЫҒЫ

- «Мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесін (2017 жылға қарай - 80%, 2020 жылға қарай - 90%);
- «Қазтест» жүйесі арқылы анықталатын мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген мемлекеттік қызметшілердің үлесі (2017 жылға қарай - 25%, 2020 жылға қарай - 35%) С1 деңгейінде (2017 жылға қарай - 5%, 2020 жылға қарай - 15%);
- «Қазтест» жүйесі арқылы анықталатын мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдардағы қызметкерлердің үлесі (2017 жылға қарай — 10%, 2020 жылға қарай - 20%), С1 деңгейінде (2017 жылға қарай - 5%, 2020 жылға қарай - 10%).

 

Қазақстан-2050» СТРАТЕГИЯСЫ

қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты

Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз.
Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде.
Қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналады.

Қазақстанның ел бірлігі доктринасы 

...мәдениеті, дәстүр мен тілді жаңғырту мен дамыту, ұлттық қадір-қасиеті нығайту – мемлекеттің ең маңызды міндеттерінің бірі. Бұл, ең алдымен, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қолданыс аясын кеңейтуге қатысты. Оны меңгеру әркімнің парызы мен міндеті...

2050

mang el

МӘҢГІЛІК ЕЛ – ПАТРИОТТЫҚ АКТ

Мәңгілік Ел, бұл –Тарихтың, Мәдениет пен Тілдің ортақтығы.
Біз ортақ тарихи мұрамызды мұқият сақтайтын боламыз.
Біз Қазақстан халқының мәдени әралуандығын арттыра түсеміз.
Біз мемлекеттік тілді қоғамды біріктірудің негізі, үштілділікті Елдің бәсекеге қабілеттілігінің басты шарты ретінде дамыту қағидатын ұстанатын боламыз.
Біз – Үлкен Ел – Үлкен Отбасымыз.